АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың Truth Social деп аталатын әлеуметтік желісі наурыз айының соңында іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазіргі уақытта Truth Social бета-тестілеуден өтіп жатыр. Америкалықтар келесі айдың соңына қарай қосымшаны жүктеп, ол арқылы жазба қалдыра алады. Truth Social әлеуметтік желісіне Apple App Store дүкенінде алдын-ала тапсырыс беруге болады.
Трамп бұған дейін "Truth Social сөз бостандығын қорғау үшін технологиялық алпауыттармен күреседі" деп айтқан болатын.
Еске сала кетсек, 2021 жылғы 6 қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін көптеген әлеуметтік желілер, соның ішінде Twitter және Facebook Трамптың аккаунттарын бұғаттап тастаған еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: businessinsider.com