Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездесті

310

Украинадағы соғысты тоқтату мақсатында Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Санкт-Петербургте Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездесті Фото: Sputnik / Вячеслав Прокофьев

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт бұл кездесудің Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталғанын растады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, кездесуден кейін АҚШ пен Ресей басшылары телефон арқылы сөйлесуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, Ресей басшысымен кездесуден бұрын АҚШ әкімшілігінің өкілі Ресейдің шетелдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі президенттің арнайы өкілі және Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевпен келіссөздер жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу