Трамптың арнайы өкілі Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтату жөнінде пікір білдірді

1004

Естеріңізде болса, 2024 жылы сайлауалды науқаны барысында Дональд Трамп Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтата алатынын айтқан болатын.

Трамптың арнайы өкілі Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтату жөнінде пікір білдірді Фото: msn.com

АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Дональд Трамптың Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтата аламын деген уәдесіне сенімсіздік танытқандай қалжыңмен жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өкінішке қарай, ол АҚШ-тың ресми президенті болып сайланғаннан кейін берген уәдесіне әлі нүкте қоя алмай келеді.

– Президенттің Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтататынын айтқаны естеріңізде болар. Біз оның қай жылы және қай күні екенін нақтылаған жоқпыз, – деді Кит Келлог.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу