Трамптың арнайы өкілі Зеленский және Путинмен кездеседі – БАҚ

Бұл туралы Axios басылымы сенімді дереккөзге сілтеме жасап жазды.

Трамптың арнайы өкілі Зеленский және Путинмен кездеседі – БАҚ Фото: ria.ru

Бұған дейін Трамптың арнайы өкілдері Норвегияға баратыны туралы айтылған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Стив Уиткофф Норвегия астанасы Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеспек. 

Норвегия астанасында Владимир Зеленский елдің премьер-министрі Йонас Гар Стёремен, Еуропалық одақ пен НАТО өкілдерімен кездесуге қатысады. Кездесулердің мақсаты – Ресеймен келіссөздерді қайта бастауға негіз болуы мүмкін жоспар әзірлеу.

Axios дереккөзінің мәліметінше, Ослодағы сапарынан кейін Стив Уиткофф Ресейге баруды жоспарлап отыр. Ол Мәскеуде Владимир Путинмен кездесіп, Норвегия астанасында талқыланған ұсыныстарды Ресей басшысына жеткізуге үміттенеді.

Reuters агенттігінің екі дереккөзі хабарлағандай, Уиткофф Ресей өкілдерімен кездесуде жалдамалылық бабы бойынша 7 жылға сотталған АҚШ азаматы Стивен Хаббардты босату мәселесін де талқыламақ. Reuters дереккөздерінің бірі Уиткоффтың сапарына қатысты жоспарлардың әзірге алдын ала жасалғанын және өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Трамптың тағы бір келіссөз жүргізушісі – оның күйеу баласы Джаред Кушнер тұмаумен ауырып, Ослоға бара алмады. Дегенмен, ол отырыстарға онлайн форматта қатысады.

Өткен аптада АҚШ, Украина және Еуропа өкілдері ұзақ мерзімді бейбітшілікке негіз бола алатын ұсыныстарды техникалық деңгейде әзірлеген.

Ослодағы кездесу АҚШ президенті Дональд Трамптың Владимир Зеленскийді қатаң сынға алған тұсына тұспа-тұс келіп отыр. Трамп Украинаға жаңа басшы қажет деп санайтынын тағы да мәлімдеді. 

– Ресей Украина мәселесінде өзін қалыпты ұстап отыр, – деп қосты Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу