Трамптың қазіргі саясатына қарсы АҚШ-тың ірі қалаларында шеру өтті

125

Ереуілшілер Ақ үй басшысы бір өзі билеп-төстеп отыр және заңсыз мигранттарды сот жүргізу ісінсіз елден қуып жатыр деп айыптайды.

Трамптың қазіргі саясатына қарсы АҚШ-тың ірі қалаларында шеру өтті Фото: pbs.org

Наразылық шаралары елдегі ірі қалалар – Вашингтон, Нью-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско мен Лос-Анджелесті қамтыды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian-ге сілтеме жасап. 

Тұрғындардың жаппай бас көтеруіне федералдық қызметкерлердің жұмыстан қуылуы, тұтас агенттіктердің жабылуы және қарттарға зейнетақы, мүгедектігі бар азаматтарға жәрдемақы төлейтін Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерін қысқарту да себеп болып отыр. Ақ үйдің жанына жиналғандар Трамптың биліктен кетуін талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу