Трамптың кеңесшісі Мәскеуге не үшін келгенін айтып берді

671

Трамптың кеңесшісі Мәскеуге не үшін келгенін айтып берді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Картер Пейдж Мәскеуге келді. Ол Ресей астанасында бірқатар келіссөздер өткізеді.

"Мен ықпалды кәсіпкерлермен және идеяшыл серкелермен кездесемін", – деді Пейдж "РИА Новости" агенттігіне.

Трамптың кеңесшісі Мәскеуде 13 желтоқсанға дейін болатынын да тілге тиек етті.

Ресейдің СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков дипломаттар Картер Пейджбен кездесуді жоспарлап отырмағанын жеткізді.

Бұған дейін Пейдж АҚШ-тың жаңадан сайланған президентінің әкімшілігіне ресей-америка қатынастарының потенциалына сенетін адамдар қажет екенін айтқан. Оның айтуынша,  ресей басшысы Владимир Путинге деген сенімсіз елдер арасында диалог да болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу