АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы ықтимал әскери іс-қимылдар туралы мәлімдемелерінен кейін мұнай бағасы бірден қымбаттай түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Америкалық WTI маркалы мұнайдың құны 7%-дан астам қымбаттап, баррелі 84,48 доллар болды.
Мұнайдың күрт қымбаттауына әлемдік жеткізілімнің тұрақтылығына қатысты алаңдаушылық себеп болды. Әсіресе, хуситтердің шабуылдарына байланысты Қызыл теңіздегі жағдайдың ушығуы және Ормуз бұғазы төңірегіндегі геосаяси тәуекелдердің күшеюі әлемдік нарықта мұнай тапшылығы туындауы мүмкін деген қауіптің артуына әсер етті.
Нарықтағы белгісіздікті күшейткен тағы бір жайт – АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты алдағы шешімі. Себебі несие құнының өзгеруі жаһандық экономиканың өсу қарқынына ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде мұнай мен басқа да энергия ресурстарына деген әлемдік сұранысқа тікелей әсер етеді.