Трамптың мәлімдемесі АҚШ-қа барғысы келетін мигранттарды алаңдатып қойды

197

Трамп әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

Трамптың мәлімдемесі АҚШ-қа барғысы келетін мигранттарды алаңдатып қойды Фото: visahelp.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі миграцияны барлық үшінші елдерден келетіндер үшін тұрақты тоқтата тұруға уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті мәлімдеме Ақ үйге жақын жерде болған атыстан кейін жарияланды.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында мигранттарды қатты сынға алды. Оның айтуынша, бұл үзіліс иммиграциялық саясаттан кейін америкалық жүйенің толықтай қалпына келуіне септігін тигізбек. Бұл ретте АҚШ президенті нақты қай мемлекеттерді "үшінші елдер" қатарына жатқызатынын ашып айтпады.

Ақ үй басшысы босқындарды елдегі әлеуметтік тұрақсыздықтың себепкері деп атады. Ол АҚШ-қа пайдасы тимейтін кез келген азаматты елден шығарып жіберуге уәде берді.

Бұған дейін Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-қа 19 елден келген грин-карта иелерінің құжаттарын қайта қарайтынын хабарлаған болатын. АҚШ азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) басшысы Джозеф Эдлоу президент осындай тапсырма бергенін жеткізді.

BBC агенттігінің жазуынша, бұл Дональд Трамптың маусым айында шығарған жарлығымен тікелей байланысты. Онда Азия, Африка және Латын Америкасындағы 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынса, тағы 7 елдің азаматтарына кіруге шектеу қойылған болатын.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлттық гвардияның әскери қызметкері, 20 жастағы Сара Бекстромның алған жарақатынан қаза тапқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу