Трамптың мәлімдемесінен кейін байлар бір тәулікте 208 млрд доллардан айырылды

824

Бұл АҚШ-тың жаңа тарифтік саясатымен байланысты.  

Трамптың мәлімдемесінен кейін байлар бір тәулікте 208 млрд доллардан айырылды Фото: ca.news.yahoo.com

Әлемдегі ең бай адамдар АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елге импорттық баж салығын енгізетінін айтқаннан соң бір тәулік ішінде 208 миллиард доллардан айырылды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   

Бейсенбі күні Трамптың жариялаған тарифтері әлемдік нарықтардың күрт төмендеуіне әкелді. Салдарынан әлемдегі ең бай 500 адамның жалпы байлығы 208 миллиард долларға азайды.

Bloomberg мұны COVID-19 пандемиясынан кейінгі ең ірі құлдырау деп отыр. 
АҚШ миллиардерлері арасында медиамагнат, филантроп Марк Цукерберг пен Amazon компаниясының құрылтайшысы Джефф Безос қатты шығынға ұшырады. Атап айтқанда, Марк Цукерберг бір тәулікте 17,9 миллиард доллардан, ал Джефф Безос 15,9 миллиард доллардан айырылды. Бұдан бөлек Tesla иесі Илон Маск – 11 миллиард доллар, LVMH иесі Бернард Арно 6 миллиард доллар жоғалтты.

Айта кету керек, осыған дейін әлем елдері Трамптың тарифтік саясатын сынға алғанын жазғанбыз. Себебі Ақ үй басшысы әлемнің 185 еліне ұнамайтын шешім шығарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу