Трамптың мойын терісінің неліктен қызарғанын жеке дәрігері айтып берді

АҚШ президенті денесіндегі мұндай өзгеріс Ақ үйдегі Құрмет медальдарін тапсыру рәсімінде байқалған.   

Трамптың мойын терісінің неліктен қызарғанын жеке дәрігері айтып берді Фото: Ken Cedeno / Reuters

Трамптың жеке дәрігері қызару белгісінің қашан басылатынын да айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Америка көшбасшысы Құрама Штаттардың қарулы күштері "қорқынышты террористік режим" тарапынан төнген ауыр қауіп-қатерді жойып жатқанын сөз етті. Сол үшін Иранда кең ауқымды әскери операцияларды жалғастыратынын жеткізген. 

– Біз Иранның ядролық бағдарламасын жойғаннан кейін Иранның оны басқа жерде қайта құруға ешбір әрекет жасамағанын қалаймыз, – деді Трамп.

АҚШ президенті әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл де айтты. 

– Бүгін біз шайқаста қаза тапқан қаһарман 4 америкалық әскери қызметшіні еске алып, олардың отбасыларына сүйіспеншілігіміз бен қолдауымызды білдіреміз, – деді ол. 

Маусым айында ғана 80 жасты толтыратын және сайланған ең қарт президент атанған Трампқа, яғни кейінгі кездері оның денсаулығына қатысты сұрақтар жиі қойылып келеді. 

Сөз сөйлеуі барысында көпшілік оның мойнының қызарғанына назар аударған.

Ал жеке дәрігері қызыл дақтарға қатысты түсініктеме беріп, өте кең таралған кремнің көмегімен "тері ауруларының алдын алу мақсатында ем" алып жатқанын мәлімдеді. 

– Президент Трамп мойнының оң жағына тері ауруларының алдын алу үшін Ақ үй дәрігері тағайындаған өте кең таралған крем жағып жүр, – деді президенттің жеке дәрігері Шон Барбабелла.

Ол "Президент бұл емнің курсын бір апта бойы қабылдап келеді, ал қызару бірнеше апта ішінде басылады" деп нақтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу