Трамптың 11-ші немересі дүниеге келді

201

Оның қызы Тиффани ұл босанды.

Трамптың 11-ші немересі дүниеге келді Фото: корреспондент.net

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні 11-ші рет ата атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қош келдің, сүйікті сәбиіміз Александр Трамп Булос. Біз сені сөзсіз жақсы көреміз! Өмірге келгеніңе алғысымыз шексіз!", - деп жазды бейсенбі күні Тиффани Трамп әлеуметтік желілерде.

Бұл – 31 жастағы Тиффани Трамп пен оның 27 жастағы күйеуі Майкл Булостың тұңғыш баласы. Жұп 2022 жылдың қарашасында Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында орналасқан Мар-а-Лагода үйленген болатын.

Дональд Трамп қызы Тиффанидің жүкті екенін 24 қазандағы сөз сөйлеуінде жария етіп, бұрынғы әйелі Мария Мейплзбен бірге тәрбиелеген кенже қызын "ерекше жас әйел" деп сипаттаған еді.

Дональд Трамптың басқа немерелері Кіші Дональд, Иванка және Эрик есімді балаларынан:

Кіші Дональд Трамп пен бұрынғы әйелі Ванессада 5 бала бар: Кай Мэдисон – 18 жаста, Дональд Джон Трамп III – 16 жаста, Тристан – 13 жаста, Спенсер – 12 жаста және Хлоя – 10 жаста.

Иванка Трамп пен күйеуі Джаред Кушнердің 3 баласы бар: Арабелла – 13 жаста, Джозеф – 11 жаста және Теодор – 9 жаста.

Эрик Трамп пен әйелі Лараның 2 баласы бар: Эрик "Люк" – 7 жаста және Каролина – 5 жаста

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу