Резиденцияға заңсыз кірген ер адамды АҚШ-тың Құпия қызметінің қызметкерлері атып өлтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, Дональд Трамптың бұл резиденциясы Флоридада орналасқан.
Құпия қызметтің баспасөз хатшысы Энтони Гульельмидің сөзінше, шамамен 20 жастағы ер адам денесі солтүстік қақпа маңынан табылып отыр. Заңсыздыққа жол берген марқұмның қолында тапанша мен канистр болған. Қорғалатын нысан аумағына заңсыз кірген оған Құпия қызмет пен полиция қызметкерлері оқ атуға мәжбүр болды.
Осыған дейін де Дональд Трампқа бірнше рет қастандық жасалды. Біріншісі 2024 жылдың 13 шілдесінде сайлауалды сөз сөйлеу уақытында болды. Ол кезде Трамптың құлағы жараланды, бір көрермен қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Сахнадан шамамен 100 метр қашықтықта орналасқан өндірістік ғимараттың шатырынан оқ атқан 20 жастағы күдіктіні Құпия қызмет қызметкерлері атып түсірді.
Екіншісі оқиға 2024 жылы 15 қыркүйекте Трамптың Флоридадағы гольф-клубының маңында тіркелді. Күдікті осы жылдың ақпан айында өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.