Трамптың саясаты Азия мен Еуропаның нарықтарын құлатты

313

Сарапшылар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр. 

Трамптың саясаты Азия мен Еуропаның нарықтарын құлатты Фото: yahoo.com

Дүйсенбі күні таңертең Азия-Тынық мұхитының қор нарықтары құлдырады. Бұған өткен аптада Дональд Трамп жариялаған тарифтер себеп болды.  Бірнеше сағаттан кейін еуропалық, кейінірек америкалық индекстер де түсіп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Азияның негізгі биржалық индекстері жаңа баждарды енгізуге бірінші болып жауап берді. Шанхайдан Токиоға және Сиднейден Гонконгқа дейінгі барлық сауда-саттық ашылғаннан кейін бірден күрт төмендеді.

Кейін жапондық Nikkei 225 индексі 6%-ға, австралиялық ASX 200 4%-ға, ал оңтүстік кореялық Kospi 4,7%-ға құлдырады.

Shanghai Composite индексі 6%-ға, ал гонконгтық Hang Seng және тайваньдық TAIEX шамамен 10%-ға төмендеді.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 13 елдің компанияларынан тұратын MSCI Asia Pacific индексі 2008 жылдан бері алғаш рет күрт түсіп кетті. 

Жұма күні мерекелерге байланысты Қытай, Гонконг және Тайваньдағы биржалар жабылғандықтан, инвесторлар дүйсенбі күні ғана әлемдік құлдырауға жауап берді.

Бірнеше сағаттан кейін ашылған еуропалық биржалар да осындай реакция білдірді. Ұлыбританияда FTSE 100 шамамен 6%-ға, германиялық Dax 10%-ға құлдырады. 

АҚШ-тағы сауда-саттықтың ашылуында S&P 500 индексі 20%-дан астам түсіп кетті. NASDAQ – 5%, Ал Dow Jones Industrial Average – 4%. 

Қор нарығының сарапшылары бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу