Магшот деп аталатын-түрмедегі ресми фотосуретті Фултон округінің шериф кеңсесі таратты, деп жазады Inbusiness.kz.
Трамп жыл басынан бері үш рет қамауға алу рәсімінен өтті, бірақ ол бұрын суретке түспеген.
Бұрынғы Америка президенті Фултон округінің түрмесінде қамауға алынды, ол Джорджия штатындағы сайлауға араласу ісі аясында билікке берілу үшін келді. Қамауға алу ресми түрде өтті, содан кейін Трамп сотта істі қарау кезеңінде 200 мың доллар кепілге босатылды.
Түрмеден шыққаннан кейін Трамп бұл оқиғаны "әділеттілікке пародия" деп атады. Саясаткердің айтуынша, орың еш кінәсі жоқ және оған қарсы қозғалған барлық қылмыстық істер "сайлауға араласудың" амалы.
Фултон округінің прокуроры Фэнни Уиллис 2023 жылдың 23 қазанында Дональд Трампқа айып тағылған сайлауға араласу туралы сот ісін бастауды ұсынды. Бұрын бұл процесс 2024 жылдың наурыз айының басында басталады деп болжанған.