Трамптың ұшағынан ақау анықталып, діттеген Давосына жете алмады

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт ұшақта "болмашы ақау" тіркелгенін растады. 

Трамптың ұшағынан ақау анықталып, діттеген Давосына жете алмады Фото: aeroflap.com.br

Сол себепті, "Нөмір бірінші борт" ұшағы Давосқа ұшқаннан соң небәрі бір сағаттан аз уақытта кері бұрып, Мэрилендке оралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Эндрюс бірлескен базасынан ұшып шыққаннан кейін экипаж "болмашы электр ақауы" анықтағанын және сақтық шарасы ретінде ұшақты кері бұрып, базаға оралуды шешкенін мәлім еткен. 

Air Force One ұшағы базаға шығыс уақытымен сағат 23:07-де қонған. 

Тілшілердің сөзінше, ұшақтағы баспасөзге арналған кабинадағы шамдар шамалы уақытқа сөнген, десе де оқиғаға ешқандай түсініктеме берілмеді. 

Содан соң президент әдетте ішкі сапарлар үшін пайдаланатын АҚШ әскери-әуе күштерінің жаңа C-32 ұшағына (модификацияланған Boeing 757) отырған. 

Дональд Трамп Давосқа Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін бара жатқан еді. Ол форумда сәрсенбі күні шығыс уақытымен таңғы сағат 8:30 шамасында сөз сөйлеуі керек. Сол себепті, оның сөз сөйлеуі кейінге қалдырылуы да ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу