Трамптың арқасында TikTok АҚШ-та жұмысын жалғастырды

Жаңа Президент компания басшылығына 90 күн уақыт беретінін мәлімдеген.  

Трамптың арқасында TikTok АҚШ-та жұмысын жалғастырды Фото: ulysmedia

АҚШ билігі 1 күннен соң TikTok желісіне салған тыйымды уақытша алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамптың сөзінше, алдағы 90 күн аралығында желі жұмысын жалғастыра береді. 

2024 жылдың сәуірінде АҚШ конгресі қытайлық ByteDance компаниясына платформасын америкалық компанияға сатуды талап ететін заң қабылдаған болатын. Олай болмаған жағдайда 2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап әлеуметтік желіге тыйым салынады. Бұған дейін, яғни кеше АҚШ-та аталған әлеуметтік желінің қызметін тоқтатқанын жазған болатынбыз.

Осы уақытта ByteDance тыйым салынбас үшін платформаны сатуға шешім қабылдап отыр. Компания қазір TikTok-тың "қалпына келтіру" процесінде екенін алға тартқан. Сондықтан Трамп оларға тағы уақыт беруді құп көрген. Компания АҚШ-тың жаңадан сайланған президентіне түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Платформа миллиондаған америкалық пайдаланушы арасында танымал. TikTok-та күніне орта есеппен 51 минут уақытын арнайтын 170 миллион америкалық қолданушы тіркелген. 

Десе де, әлемнің көптеген елінде, яғни Ұлыбританияда TikTok-қа мемлекеттік қызметкерлер үшін тыйым салынса, Үндістанда аталған желіге мүлдем рұқсат жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу