Мысалы, Илон Масктың Нью-Йорктегі Tesla акциялары 15%-ға көбейіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Әлемдегі 10 бай адамның кірісі 63,5 млрд долларға артқан. Бір күндік табысы еселенген ауқаттылардың қатарында Amazon басшысы Джефф Безос, Oracle Corp. басшысы Ларри Эллисондар тұр.
Одан өзге Марк Цукерберг, Бернар Арно, Билл Гейтс, Ларри Пейдж, Сергей Брин, Уоррен Боффетт және Стив Балмер тағы бар.
Бір ғана Илон Масктың табысы 26,5 млрд долларға көбейген. Сәрсенбі күні Нью-Йорктегі Tesla акциялары 15%-ға өсіп, бір жыл ішінде 32%-ға дейін жеткен.
Байлардың табысын арттыруына сайлаудан кейінгі АҚШ-тағы акциялардың өсуі ықпал етіп отыр.