Трамвай өткелдері неміс технологиясымен жөнделмек

812

Трамвай өткелдері неміс технологиясымен жөнделмек

Өскемен қалалық әкімдігінде өткен брифингте шаһар басшысы Қуат Тұмабаев трамвай рельстерімен қиылысатын автокөлік жолдарын осы жазда жөндеуді жоспарлап отырғандарын жеткізді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Ондағы мақсат – автокөліктердің өткелдерден жылдамдығын азайтпай өтуіне мүмкіндік жасау. Бұл өз кезегінде қаладағы көлік кептелісін азайтуға септеспек.

"Біз көршілес Павлодар қаласында болып, аталмыш мәселені біржолата шешкендерін көрдік. Олар өткелдердегі рельстердің түбіне бетон құйып, үстін темірмен жауыпты. Дәл осындай технологияны Германияның Карлсруэ қаласында болғанда да көргенбіз. Қазір біздің мамандар осы әдісті зерделеп жатыр. Мұндағы көздегеніміз – автомобильдер қазіргідей трамвай жолдарын кесіп өткенде кідірмеуі, секірмеуге тиіс", – деді қала басшысы.

Бұған дейін аталған өткелдерді жөндеу мәселесімен ешкім бас қатырмаған. Жолдарды жөндеу барысында өткелдерге асфальт төселіп, көп ұзамай-ақ күнделікті вибрация әсерінен ол ұшып кететін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу