Трансгендерлер бір қызметтен босатылатын болды

Бұл – Трамптың тапсырмасынан туындаған шешім.

Трансгендерлер бір қызметтен босатылатын болды Фото: ntv.ru

Десе де, әскери қызметшінің мемлекет мүддесіне байланысты қызметте қалдырылуы да мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CBS News-ке сілтеме жасап. 

Осылайша, АҚШ армиясында трансгендерлерге 30 күн ішінде қызметтен кетуге бұйрық берілмек.

Мұны президент Трамптың трансгендерлерге әскери қызмет атқаруға тыйым салу туралы бұйрығына байланысты қабылдап отыр.

– Гендерлік дисфория диагнозы немесе анамнезінде, сондай-ақ соған сәйкес белгілері бар әскери қызметшілер әскери қызметтен босатылады, – делінген құжатта.

Ескере кететін жайт, әскери қызметшінің мемлекет мүддесіне байланысты қызметте қалдырылуы да ықтимал. 

Мұндай ерекшелікке сәйкес болу үшін әскери қызметшілер ешқашан жынысын өзгертуге әрекет жасамағанын дәлелдеуі, сондай-ақ әлеуметтік, кәсіптік немесе қызметтің басқа маңызды салаларында клиникалық маңызды күйзеліссіз немесе бұзылуларсыз биологиялық жынысында 36 ай қатарынан тұрақтылықты көрсетуі тиіс.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың белсенді әскери қызметкерлерінің арасында 15 мыңға жуық трансгендер бар деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу