Транскаспий бағдарымен қазақстандық жүк экспорты 2,7 есе өсті

454

Жыл басынан бері ТХКБ бағытындағы тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,7%-ке ұлғайып, 433,2 мың тоннаны құрады.

Транскаспий бағдарымен қазақстандық жүк экспорты 2,7 есе өсті Фото: 7kun.kz

Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау оң қарқын көрсетуде, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.

"2,7 еселік ең үлкен өсім Қазақстаннан экспортқа келді, импорттық тасымалдар 22%-ке артты.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ және тұтастай алғанда ел үшін ТХКБ әлеуетін ашу - бүгінгі таңда басты көлік векторларының бірі. Өткен жылы үлкен жұмыс атқарылып, өзгермелі геосаяси жағдай аясында бағдарға жүктеме айтарлықтай өсті. 

Мультимодальды бағдар бірқатар елдерді байланыстыратынын және теңіз порттары арқылы жүктерді бірнеше рет ауыстырып тиеуді қажет ететінін түсіну маңызды", деп жазды ведомстводан.

Бағдарға қатысушылармен бірлесіп күн сайын инфрақұрылымды жақсарту, кедергілерді жою, дәліздің өткізу қабілетін арттыру және жүктердің қозғалу уақытын қысқарту жөнінде шаралар қабылдануда.

"Бүгінгі таңда Қытайдан контейнерлерде томат пастасы, химикаттар мен жабдықтарды Оңтүстік Еуропа мен Түркияға транзитпен тасымалдау жүзеге асырылуда, Қазақстаннан түсті металдар, ферроқорытпалар, жасымық, астық жүктері және т.б. контейнерлерге тиеу жүріп жатыр", - дейді "KTZ Express" АҚ басшысы Кайрат Утяпов. 

Дәлізді дамытуға "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші темір жолдарын, Ақтау портындағы контейнерлік хабты, Алматы станциясының айналма желісін салуды қоса алғанда, бағдарда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу