Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы алты есе артады

817

Бұл туралы Анкарада өткен "Транскаспий халықаралық көлік бағдары" Халықаралық қауымдастығының мәжілісінде айтылды, деп жазды inbusiness.kz Қазақстан темір жолының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы алты есе артады

Жиынға қатысушылар қауымдастықтың 2021 жылғы есебін тыңдап, ТХКБ-ны дамыту стратегиясын, тасымалдау тетіктерін, маркетингтік жоспарды және 2022 жылға арналған тарифтік саясатты талқылады.

"Биыл контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есе көбейіп, 50 мың ЖФЭ дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы тасымал  алты есеге - 3,2 млн тоннаға дейін артады деген болжам бар", – деп жазылған хабарламада. 

Айта кету керек, 2022 жылдың 4 айында ТХКБ бағыты бойынша 733 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл - 5 мыңнан астам вагон ары-бері өтіп, 10 мың ЖФЭ контейнерлерді діттеген жеріне жеткізді деген сөз.

Еске сала скетсек, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Қара теңізі арқылы Еуропа елдеріне өтеді. "ТХКБ" Қауымдастығына 20 компания мүшелікке кірсе, оның ішінде теміржол әкімшіліктері, порттар, 8 елдің кеме қатынасы және логистикалық компаниялары бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу