Еуропалық Одақ елдері Орталық Азия мен Еуропа арасындағы баламалы көлік дәлізі ретінде Транскаспий дәлізін нығайтуға мүдделі, деп жазады inbusiness.kz
"Осы жылдың маусым айында Еуропалық Одақ пен Еуропалық қайты құру және даму Банкі Транскаспий дәлізін дамыту бойынша Орталық Азияда 40 нақты инвестициялық ұсыныспен зерттеу жүргізді", — делінген Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі жауабында.
2024 жылдың қаңтарында Брюссельде ірі инвестициялық форум өтеді, онда осы ұсыныстар талқыланып, ЕО және Орталық Азия компаниялары, қаржы институттары мен басқа да мүдделі тараптар бірігеді.