Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк тасымалы 77,2%-ға ұлғайды

Жүк тасымалының жалпы көлемі 1,3 млн тоннадан асты.

Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк тасымалы 77,2%-ға ұлғайды Фото: Ритм Евразии

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да Қазақстан мен Әзірбайжан теміржол әкімшіліктерінің басшылары қазақстандық жүк жөнелтушілермен және экспорттаушылармен кездесті. Жиында Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүктерді тасымалдау мәселесі назарға алынды. 

Тараптар Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдері арқылы өтетін ТХКМ бойынша жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасау, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қос компания өкілдері жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқартуға, жылжымалы құрамның тұрған жері туралы хабардар ету процесін жақсартуға, әкімшілік кедергілерді жоюға, порт инфрақұрылымын кеңейтуге және т.б. қатысты ТХКМ-ды одан әрі дамыту жөніндегі мәселелерді бірлесіп шешуге келісті.

Жыл басынан бері Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүктерді тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,2%-ке ұлғайып, 1,3 млн тоннадан асты.

Жүк ағындарын кедергісіз және жеделдетіп өткізу және туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін бірлескен виртуалды диспетчерлік орталық жұмыс істейді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзірбайжанның жүк жөнелтушілері мен теміржолшылары арасында орнатылған тікелей байланыстар Тасымалдау процесі барысында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу