Трансплантолог Абылай Донбай Президенттен араша сұрайды

700

Абылай Донбай Қазақстанда алғашқылардың бірі болып бауыр трансплантациясын жасаған дәрігер.

Трансплантолог Абылай Донбай Президенттен араша сұрайды Фото: Абылай Донбайдың фейсбук парақшасынан

Шымкент қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай бірнеше айдан бері Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан негізсіз қудалауға көріп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол 2019 жылы әріптесі Ғани Құттымұратов екеуін заңсыз орган сату бойынша айыпталып, сотталған болатын. Алайда Жоғары сот трансплантологтардың дәлелсіз айыпталғанын негізге алып, дәрігерлер толық ақталып шықты.

Екі ай бұрын Абылай Донбай Шымкенттің жергілікті блогері әлеуметтік желілерде өзі туралы жағымсыз ақпарат таратып жүргенін жазды. Арнайы тапсырыспен дәрігердің жұмысына, отбасына қатысты жағымсыз пікір қалыптастыратын посттар жарияланған. Одан бөлек трансплантолог қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтің тарапынан қудалауға ұшырағанын жазып, президенттен араша сұрап, бейнеүндеу жариялады. Үндеуде дәрігер өзінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қудалауға ұшырағанын айтып Президенттен көмек сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу