Трансұлттық компания Жамбыл облысында зауыт салып жатыр

1063

Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы "Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану" жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Трансұлттық компания Жамбыл облысында зауыт салып жатыр

"Келісім Жамбыл облысында фосфат шикізатын өндіруден бастап экспортқа бағдарланған минералдық тыңайтқыш пен ілеспе индустриялық өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар инновациялық химиялық кешеннің құрылысы мен пайдаланылуын қамтамасыз ететін қажетті инвестициялық және нормативтік-құқықтық жағдай жасауды көздейді. Жобаны ЕuroСhem Group трансұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – Ресейдің "ЕвроХим" компаниясы іске асырады", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің мәлімдеуінше, 2 кезеңге жоспарланған жобаның бірінші кезең аяқталды. 550 жаңа жұмыс орны ашылып, тау-кен кешені пайдалануға берілді. 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау торабы пайдалануға берілді. Бұл жерде жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіріледі. Жобаны жүзеге асыруға 126 млн доллар жұмсалды. 

"Екінші кезең өндіріс қуаты жылына кемінде 1 млн тонна болатын минералды тыңайтқыш пен индустриялық өнім өндіру жөніндегі инновациялық химиялық кешен салуды қамтиды. "Еурохим" компаниялар тобы II кезеңді қаржыландыру аясында 138,7 млн доллар қаржы жұмсайды", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу