ІМ қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 қатысушысын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Ақпарат көзі ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның көмегімен бір-бірімен күреске түскен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кескен.
"Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген", – деп жазылған ақпаратта.
Арнайы операция Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында өткізілген. Жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 мүшесін, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған "киллерді" ұстаған.
"Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткі құралдары тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда", – деп жазады ақпарат көзі.