Транзиттік пойыз миллионыншы контейнерді жеткізді

1039

ҚТЖ баспасөз қызметі Қазақстан арқылы өтетін транзитті контейнерлік тасымал көлемі 1 млн ЖФЭ (жиырма футтық эквиваленті) жеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Транзиттік пойыз миллионыншы контейнерді жеткізді

Транзиттік пойыз миллионыншы контейнерді Қытайдың Сиань қаласынан Алтынкөл станциясына жеткізді. "KTZE Khorgos Gateway" құрлық портында темір жол көлігі тар жолдан кең жолға ауыстырылғаннан кейін контейнер Ақтау портына, одан әрі Каспий теңізі арқылы Түркияның Мерсин қаласына жөнелтіледі.

Контейнерді Сианьнан Мерсинге апаруға 17 күн кетеді. Екі ара – 9 мың шақырым.

Айта кету керек, 2016 жылдан бастап транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 4,5 есе көбейген. Сарапшылар бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады деген болжам жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу