Транзиттік тасымал навигациялық пломбамен бақыланады

974

Мемлекеттік кірістер комитеті ел аумағындағы жүк тасымалын қадағалап отырады. 

Транзиттік тасымал навигациялық пломбамен бақыланады

Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. 

Қаржы вице-министрі Қанат Баедилов осы заң аясында елімізге енген жүк көліктеріне навигациялық пломба орнатылатынын, бұл мемлекеттік кірістер комитетінің ел аумағындағы жүк тасымалын қадағалап отыруын жеңілдететінін мәлімдеді.  

"Жыл сайын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстанға келетін жүк  көліктердің саны артып келеді. Біз сырттан келген жүк көліктерінің қозғалысын қадағалап отыру үшін навигациялық пломба институтын енгізіп жатырмыз. Навигациялық пломбаны көлікке орнатуға небары бір минут уақыт кетеді", – деді Қанат Баедилов.

Қаржы вице-министрінің сөзінше, Қазақстан шекарасына келген жүк көлігіне навигациялық пломба орнатылады. Ол мемлекеттік кірістер комитетінің ахуалдық орталығына автокөліктің қозғалысына қатысты белгі беріп тұрады. 

"Автөлік жоспардан тыс басқа бағытқа бұрылса немесе навиациялық пломба қасақана алынып тасталса, мемлекеттік кірістер комитеті шұғыл әрекет етеді", – деді ол.

Қанат Махамбет

Фото: gloriacargo.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу