Транзиттік жүк тасымалдаушылардан анықтама талап етіледі

1034

Жаңа талап 26 қазаннан бастап күшіне енеді.  

Транзиттік жүк тасымалдаушылардан анықтама талап етіледі

26 қазаннан бастап халықаралық транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілерден коронавирустық инфекциямен ауырмайтынын растайтын ПТР-тест анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова онлайн брифинг барысында айтты.

"Әлемде коронавирус жұқтыру деңгейі өсіп барады. Осы уақытқа дейін індет 215 елге тарады. Дүниежүзінде коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 41 млннан асып, 1 млн 128 мыңнан аса адам қайтыс болды. Сондықтан бірқатар шаралар қабылдауға тура келді. 26 қазаннан бастап транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілерден де ПТР-тест анықтамасы талап етіледі. Бұл анықтама болмаған жағдайда олар шекарада сынама тапсырып, өтуге міндеттеледі. Егер олардың ішінен коронавирус жұқтырғандар анықталса, олар тоқтаған жеріндегі ауруханаға жатқызылады", – деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін халықаралық транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер ПТР-тест анықтамасыз жүре беретін.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу