Транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетті – Көлік министрлігі

180

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетті – Көлік министрлігі Фото: Үкімет

Биылғы 10 айда көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол бүгінгі таңда көлік саласы экономиканың өсу драйверлерінің біріне айналғанын атап өтті. Осы жылдың 10 айында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,4%-ға артты.

"Ал транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетті, оның өсу деңгейі 5%-ды құрайды", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу