Трасс жақын арада Украинаға бармақ

498

Ұлыбританияның жаңа Премьер-Министрі Лиз Трасс сайлау алдындағы уәдесіне сәйкес қызметіне кіріскен бойда Украина Президенті Владимир Зеленскийге хабарласты.

Трасс жақын арада Украинаға бармақ

Лиз Трасс Киев алдағы уақытта Лондонның қолдауына сене алады деп сендірді. Бұл туралы сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесудің қорытындысы бойынша британ үкіметі басшысының кеңсесі таратқан хабарламада айтылған.

"Премьер-министр болғаннан кейін әріптесімен алғаш телефон арқылы сөйлесу кезінде Лиз Трасс Украина басшысына Лондоннан толық қолдау көрсетілетінін, Украина ұзақ мерзімді перспективада Ұлыбританияның көмегіне сене алатындығын растады", – делінген коммюникеде.

Трасс "Украинаның бостандығы мен демократиясына Біріккен Корольдіктің берік қолдауын растады". Тараптар сондай-ақ ресейлік "әскери машинаны" қаржыландыру жолдарын жабу үшін қажетті шараларды талқылады.

"Премьер-министр алдағы апталар мен айларда президентпен жұмыс істеуді асыға күтетінін айтып, Зеленскийдің Украинаға шақыруын қуана қабылдады", — деп толықтырды Даунинг-стрит.

Сейсенбіде қызметінен кеткен Премьер-Министр Борис Джонсон осы жылдың ақпан айының соңынан бастап Киевте үш рет болды – бұл басқа шетелдік көшбасшылары арасындағы ең үлкен көрсеткіш.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу