Трассаларда көлік жолдың екінші бетіне шығып кетпес үшін арнайы қоршаулар орнатылады

519

"Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар автожолда жаңа үлгідегі арнайы қоршау орнатыла бастады. Арнайы құрылғы күре жолдың 1246 шақырымында орнатылуда.

Трассаларда көлік жолдың екінші бетіне шығып кетпес үшін арнайы қоршаулар орнатылады Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар автожолдарда көлік жолдың екінші бөлігіне шығып кетуіне тосқауыл қоятын арнайы қоршаулар пайда болады, деп жазады inbusiness.kz республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап. 

"Жол бойымен жүріп келе жатқан көлік ЖҚО-ға ұшыраса, құрылғыда орнатылған барабандардың айналуына байланысты жолдың екінші бетіне шығып кетпей, осы құрылғы бойымен қозғалады. Тиісінше, көлік жол бойында қалады. Жол саласында бұл қоршаулар жолдардың қауіпті бөліктерінде орнатылады. Мәселен, бұрылыстарда, туннельдерге кіреберіс және шығаберісте, жол айрықтарында және т.б", делінген хабарламада. 

Бір ай ішінде Ақмола облысындағы Талапкер ауылының маңында, яғни "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1239 шақырымында дәл осындай арнайы қоршау орнату жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу