Трассаның жабылуына байланысты жолаушылар пойызбен жеткізіледі

324

Жолаушылар тегін тасымалданады.

Трассаның жабылуына байланысты жолаушылар пойызбен жеткізіледі Фото: Inbusiness.kz

Жолаушылар тасымалы трассадағы шектеулерге байланысты жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыратындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қолайсыз метеорологиялық ауа райы жағдайына байланысты автомобиль жолының Қарағанды –Теміртау учаскесінде шектеу енгізілді. Осыған байланысты, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр - Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін отырғызу жүзеге асырылатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Жолаушылар тасымалы барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және боранды күні сапарлаудан бас тартуға шақырды.

Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі және "Ktzh_pp_bot" Телеграмм боты арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу