Бейсенбі күні мұнай бағасы апталық минимумнан көтеріліп, барреліне 53 доллардан асты, деп жазады investing басылымына сілтеме жасаған egemen.kz.
Сарапшылар қазіргі кезде ертеңгі болатын МЭЕҰ елдері мен ұйымға кірмейтін мұнай экспорттаушы елдердің жиынында не айтатынын талқылауда. Осы шарада әр ел өзінің нақты қанша баррель қысқартатынын белгілемек.
Кеше Астана уақытымен 20:57-де Брент мұнайы 1,09 пайыз өсіп, 53,58 долларға жетті.
Дүйсенбі күні қара алтын бағасы алты апталық көрсеткіште ең төменгі деңгейге дейін түсіп, инвесторлардың МЭЕҰ келісімшарты аясында белсенділігі кесірінен құлдырап кеткен еді.
Айта кетейік, 30 қараша күні МЭЕҰ келер жылдан бастап өндірісті тәулігіне 1,2 млн баррельге азайтуға келіскен болатын.
Өз кезегінде ұйымға кірмейтін мемлекеттер осы келісімнен кейін тәулігіне 600 мың баррель қысқартуға келіскен.
Осы орайда ұйымнан шақырту алған Қазақстан да аталған жиынға қатысатынын және МЭЕҰ бастамасын қолдайтынын мәлімдеген болатын.