Рейтингілік бәсекеге Қазақстан атынан Сергей Пономарев пен Андрей Чугай қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің бірінші және үшінші жарыс күнінде өткен спринтерлік жарыста қазақстандықтар жүлделі екі орынды өзара бөлісті. Спринтерлер додасында Сергей Пономарев алтын, Андрей Чугай күміс жүлдегер атанды.
"Бұл Токио Олимпиадасы қарсаңындағы маңызды турнирлердің бірі. Біз бұл доданы Олимпиадаға дайындық кезеңі деп қабылдаймыз", – дейді команда бапкері Валентин Савицкий.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу