Тректегі велоспорттан әлем кубогі аяқталды

840

Тректегі велоспорттан әлем кубогінен отандық спортшылардың нәтижесі жарияланды.  

Тректегі велоспорттан әлем кубогі аяқталды

Ұлыбританияның Глазго қаласында тректегі велоспорттан әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Глазгоға Қазақстан командасының көшбасшысы Артем Захаров барған жоқ. Ол Жаңа Зеландиядағы кезеңге қатысу мақсатымен бұл сыннан сырт қалған. Бүгінде спортшы виза мәселесін реттеуде. 

Қазақстандықтар сапынан ең жоғарғы нәтижені тіркеген – Павел Воржев. Ол кейринде 12-ші орыннан көрінді. Ал спринтте 28-ші сатыға тұрақтады. 

Скрэтчте сынға түскен Әлішер Жұмақан 15-ші, омниумде бақ сынаған Роман Василенков 23-ші орында.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу