Тректегі велоспорттан екі қола бұйырды

917

Із кесу жарысындағы алтын мен күміс жүлдені Оңтүстік Корея мен Қытай командалары иеленген.   

Тректегі велоспорттан екі қола бұйырды

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия біріншілігінде қазақстандық жасөспірімдер екі мәрте жеңіс тұғырына көтерілді, деп жазады Olympic.kz. 

Жасөспірім ұлдар командалық із кесу жарысында үздік үштікке енді. Александр Бекенов, Дмитрий Потапенко, Дмитрий Носков және Бауыржан Жапарұлынан құралған төрттік Корея мен Қытайды алдыға салып, қола жүлдегер атанды. 

Жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде Ульяна Сухоребрик, Кристина Титовская, Кристина Стужник және Ақпейіл Өсім қола медальға қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу