Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Түркияда шеберліктерін шыңдауда

475

Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.   

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Түркияда шеберліктерін шыңдауда

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. Ресми дерек бойынша, ұлттық құрама 11 қазаннан бері Түркия жерінде дайындықтарын пысықтауда. Аталған оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрама сапынан 11 спортшы қатысып жатыр. Атап айтқанда, Артем Захаров, Алишер Жұмақан, Асылхан Тұрар, Дмитрий Потапенко, Игорь Юсифов, Ғабиден Азен, Рамис Дінмұхаметов, Сергей Кармажаков, Бауыржан Жапарұлы, Дмитрий Носков, Руслан Елубаев және де Андрей Бетц шеберліктерін шыңдап келеді.

Бас бапкер Владимир Бушанский баптайтын велошабандоздардың жаттығу жиыны 12 қарашаға дейін өтеді деп жоспарланған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу