Астанада қоғамдық орындарды әдейі ластаған екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала тұрғыны ішімдік құйылған бөтелкені ашып, ішіндегісін айналаға шашып, қоғамдық аумақты ластаған. Екінші жағдайда қыз орындықта отырып, сусынды әдейі төгіп, демалыс орнын бүлдірген.
Белгілі болғандай, екеуі де бұл әрекеттерін әлеуметтік желіге "трендтік" контент түсіру мақсатында жасаған.
Полиция мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін ескертіп, қоғамдық орындарды ластау тек құқық бұзушылық емес, сонымен бірге қала тазалығы мен коммуналдық қызмет еңбегіне құрметсіздік екенін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу