Қазақстандық Аян Бейсенбаев Ханчжоудағы 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ол триатлонда үшінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейсенбаев 1500 метрге жүзу, 40 шақырымдық велосипед және 10 шақырымдық жүгіруді 1 сағат 52 минут 25 минутта бағындырды.
Бірінші болып жапондық Кэндзи Ненер шықты – 1:50:54. "Күміс" жапониялық Макото Одакураға бұйырды - 1:51:49. Темірлан Теміров алтыншы орынға табан тіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу