Триатлоннан Әлем кубогі: Қазақстандық спортшылар нәтижесі

831

Жарысқа Қазақстан құрамасынан екі спортшы қатысты.  

Триатлоннан Әлем кубогі: Қазақстандық спортшылар нәтижесі

Санто-Домингода (Доминикан Республикасы) триатлоннан әлем кубогінің кезеңі өтті. Olympic.kz назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынады.

Жарысқа Қазақстан құрамасынан екі спортшы қатысты. Ерлер арасындағы сайысқа Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев қатысып, жүлдесіз қалды. Бейсенбаев 42-ші орыннан көрінсе, Қонысбаев 44-ші орынға жайғасты.

Америкалық Мэттью Макилор жарыс жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орынды да АҚШ споршылары өзара бөлісіп алды. Кэвин МакДауэлла күміспен күптелсе, Морган Пирсон қолаға қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу