Оңтүстік Кореяның Тхонъён қаласында триатлоннан әлем кубогі кезеңі аяқталды. Аталған бәсекеде үш қазақстандық спортшы бақ сынады, деп жазады Olympic.kz.
Elite санатында жалпы есебі 65 спортшы жүлдеге таласқан болатын. Өкінішке қарай, Қазақстан атынан қатысқан Аян Бейсенбаев, Семен Пивоваров және Дарын Қонысбаевтар жоғары нәтиже көрсете алмады. Бейсенбаев 47-ші, Пивоваров 57-ші, Қонысбаев 58-орыннан көрінді.
Ал әлем кубогі кезеңінде америкалық Мэттью МакИлрой жеңіске жетті. Екінші орында Дэвид Кастро Фахардо. Үздік үштікке тағы бір америкалық Кевин Макдауэлл енген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу