Санто-Домингода триатлоннан әлем кубогінің кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін жарысқа Қазақстан құрамасынан екі спортшы қатысты. Ерлер арасындағы сайысқа Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев қатысып, жүлдесіз қалды. Бейсенбаев 42-ші орыннан көрінсе, Қонысбаев 44-ші орынға жайғасты.
Америкалық Мэттью Макилор жарыс жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орынды да АҚШ споршылары өзара бөлісіп алды. Кэвин МакДауэлла күміспен күптелсе, Морган Пирсон қолаға қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу