Триатлоннан Қазақстанда өтетін халықаралық дода кейінге шегерілді

719

Коронавирус пандемиясына байланысты триатлон бәсекесі 2021 жылдың 15 тамызында өтеді.

Триатлоннан Қазақстанда өтетін халықаралық дода кейінге шегерілді

Триатлоннан BI Group Ironman Kazakhstan және BI Group Ironman 70.3 Astana халықаралық додалары келесі жылға ауцыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коронавирус пандемиясына байланысты триатлон бәсекесі 2021 жылдың 15 тамызына шегерілді.

Былтыр аталған додаға 50 елден 1400 спортшы жиналған болатын. Елордада өткен бәсекеге барлығы 20 Pro санатындағы спортшылар қатысты. Қатысушылар әуелі 1,9 км жүзіп өтіп, 90 км велосипедпен, ал жүгіру бойынша 21 км қашықтықты бағындырды. Қазақстандықтар ішінде ең үздік көрсеткішкен "Астана" велокомандасының менеджері Александр Винокуров қол жеткізген болатын. Ол барлығын 4 сағат 9 минут 8 секундта бағындырған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу