World Triathlon атқарушы комитеті әлем кубогінің екі кезеңі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz.
Бразилияда COVID-19 індетінің өршуіне байланысты сәуір айына жоспарланған кубоктік кезең кейінге қалған болатын. Ұйымдастыру комитеті мен Бразилия тарапы биыл жарыс өткізудің реті келмейтінін жеткізіп, турнирді келесі жылға қалдырды.
Қытайда 2020 жылы қандай да бір жарыс өткізуге тыйым салынғандықтан, триатлон қауымдастығы Вейхай және Чэндуде өтетін әлем кубогі кезеңдері өпейтінін мәлімдеді.
Триатлоннан кубоктік кезеңдер 2021 жылы өтуі мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу