Триатлоннан турнир өтеді

675

Триатлоннан турнир өтеді

"Астана-триатлон - 2018" шарасына 18 жастан асқандардың барлығы қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астананың 20 жылдығына орай 28 шілдеде елордада триатлоннан ашық қалалық турнир өтеді. Қатысушылар жүзу, велосипедпен жүру және жүгіру сияқты үш түрлі сайыста күш сынасады. 

"Астана-триатлон - 2018" шарасына қатысушылар Астана қаласының триатлон федерациясының http://triathlonastana.kz сайтына кіріп онлайн арқылы алдын ала тіркелуге міндетті. Старттық пакет жарнасы - 5000 теңге.

Старттық пакеттер сағат таңғы 6:30-да беріле бастайды. Негізгі жарыстар сағат 8:00-ге белгіленіп отыр. Өтетін орны: Астананың триатлон саябағы. Триатлоннан ашық турнирге қатысамын деушілер өздерімен бірге міндетті түрде велосипед пен шлемін ала келуге тиіс.

"Қатысушылар "Астана Триатлон Саябағы" аумағындағы Есіл өзенінің бойымен (750 метр) жүзіп өтеді. Сонымен қатар, "Астана Триатлон Саябағы" аумағынан "Astana Music Hall" тұрағы арқылы Б. Момышұлы к-сі, Сарайшық к-сі, Шалқыма к-сі, Шарль де Голль көшесіндегі "Крыша" мейрамханасының тұрағына кіру арқылы "Астана Триатлон Саябағы" аумағына дейінгі 20 шақырымды велосипедпен бағындырады. Дистанцияның соңында олар "Астана Триатлон Саябағы" аумағын 2 айналымнан тұратын 5 шақырымдық жүгіру бағытын аяқтап мәреге жетеді.

Алаңда орнатылған медициналық пунктте әрбір қатысушы жарысқа қатысуға дәрігерлердің рұқсатын алады. Велосипедке арналған дулығасы жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді", - делінген Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасының хабарламасында. 

Айта кетейік, жарысқа жіберілген қатысушылар жас ерекшелігі бойынша бес топқа бөлінеді 18 – 29 жас (ерлер, әйелдер); 30 – 39 жас (ерлер, әйелдер); 40 – 49 жас (ерлер, әйелдер); 50 – 59 жас (ерлер, әйелдер); 60 жас және үлкен.

Әрбір топ бойынша жеңімпаздар қашықтықты ең аз уақытта бағындыруына қарай анықталады. Хронометраж арнайы қондырғының арқасында жеке-жеке белгіленетін болады. Қашықтықты ең аз уақыт ішінде жүріп өткен қатысушы әр топтың жеңімпазы болады.

Әр жас санатының 1, 2, 3 орын иегерлері сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. "Астана-Триатлон 2018" жарысына қатысқан барлық спортшыларға медальдар табысталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу