Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бірқатар кортеж жүргізушілерін анықтады, – деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген Түркістан қаласының полицейлері көрші аудандағы мектеп түлектерінің қатысуымен болған автокөліктер кортежін анықтады. Қабылданған шаралар барысында сақшылар тәртіп бұзушыларды жүргізушілердің жеке басын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
BMW және ВАЗ автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушылардың көліктері айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар Қазығұрт және Сарыағаш аудандық полиция бөлімдерінің полицейлері әлеуметтік желілердегі бейнежазбада анықталған тағы бір дерек бойынша жедел іс-шаралар жүргізді.
Нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап, көлік құралдары айыптұраққа қойылды. Полицейлер Hery Tiggo 7, Lada 21705 және Lada 2115 көліктерінің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 9-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 593-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартты. Сондай-ақ құқық бұзушылар мен жасөспірімдерге профилактикалық әңгімелер жүргізілді.