Түркияда тағы да жер сілкінді

124

Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,0, ал ошағы 8 шақырым тереңдікте орналасқан.

Түркияда тағы да жер сілкінді Фото: canva

Бүгін түнде Түркияда жер сілкінісі тіркеліп, оның дүмпулері Ыстанбұл қаласында анық сезілді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Риа Новости басылымының хабарлауынша, түнгі сағат 01:36 шамасында қаланың батыс бөлігінде бірнеше жер асты дүмпуі байқалған. Жер сілкінісі тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызғанымен, айтарлықтай дүрбелең болған жоқ.

Жер сілкінісі туралы ескерту хабарламалары смартфон қолданушыларына бірден жолданған.

Түркияның Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (AFAD) сейсмологтарының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Мәрмәр теңізінде, Ыстанбұлдың Бүйікшекмедже ауданына қарама-қарсы аумақта болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,0, ал ошағы 8 шақырым тереңдікте орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу