Түркияда жер сілкінді

262

Зілзала 7 шақырым тереңдікте болған. 

Түркияда жер сілкінді Фото: Anadolu Agency

Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару департаментінің (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері түнгі сағат 00:05-те Сындыргы ауданында тіркелген. CNN Turk жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болғанын және ол Ыстанбұл мен Измир қалаларында сезілгенін хабарлады.

Кандилли обсерваториясы мен AFAD жер сілкінісінің магнитудасын растады. Сындыргы қаласының мэрі Серкан Сак тұрғындарды абай болуға шақырды.

AFAD дерегінше, табиғи апаттан айтарлықтай зиян келгені анықталмаған. Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу