Қара теңіздің Ыстанбұл маңында магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, зілзаланың эпицентрі Ыстанбұлдың солтүстік-батыс бағытында, жағалаудан шамамен 16 шақырым қашықтықта, 13 км тереңдікте орналасқан.
Ал Кандилли сейсмологиялық обсерваториясы дүмпудің магнитудасын 3,9 балл деп бағалады.
Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 19:44-те (Астана уақытымен 17:44) тіркелген. Оны мегаполистің бірнеше аудан тұрғындары сезінген.
Абырой болғанда, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында үрей байқалмаған.